Бұл қалай сонда? «Қайсардың» бапкері сөздерін қайтып алып, төрешілерден кешірім сұрады

06.05.2025, 15:46

Виктор Кумыков «Астанамен» болған ойында «Қайсар» қақпасына тағайындалған пенальтидің әділ болғанын мойындап, мәлімдеме жасады.

Бұл қалай сонда? «Қайсардың» бапкері сөздерін қайтып алып, төрешілерден кешірім сұрады
Виктор Кумыков

Айта кетейік, осыған дейін Виктор Кумыков аталған матчта төрелік еткен мамандардың жұмысын сынға алып, белгіленген пенальтилерге қатысты күмән келтірген болатын. Алайда, бірнеше күннен кейін өз сөзінен осылайша айнып отыр. 

«Өкінішке қарай, баспасөз конференциясында эмоцияға ерік бердім, оған ашу қосылды. Айтылған сөздерім үшін кешрім сұраймын. Ойынды қайта көріп, екі пенальти де дұрыс болғанын мойындаймын. Одан қалды, «Астананың» отандық футболдың көшбасшыларының бірі екенін, халықаралық аранеларда еліміздің абыройын асқақтатып жүрген ұжым екенін айтқым келеді. Пікірімнің клуб пен ойыншылардың кәсібилігіне келтірілген күмән еместігін еске саламын», - деді қызылордалық клуб жаттықтырушысы.

Естеріңізде болса, ҚПЛ-дің жетінші турында «Қайсар» өз алаңында «Астананы» қабылдап, 1:1 есебімен тең тарқасқан. Бұл ойында төреші қызылордалық клуб қақпасына екі пенальти белгіледі. Алғашқысын бірінші таймда Джеффри Чинеду соға алмаса, екіншісін 88-минутта Назми Грипши қақпаға дарыта алмаған болатын. Алайда, төреші «Қайсар» қақпашысының ереже бұзғанын желеу етіп, пенальтиді қайта тепкізді. Нәтижесінде матч 1:1 есебімен аяқталы, арты үлкен дауға ұласқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 3
Күлкілі 1
Масқара 2
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×