
«Жеңістің» польшалық қорғаушысы Кристиан Новак KFF League сайтына көлемді сұқбат беріп, Польша мен Қазақстан біріншілігін салыстырды.
Сондай-ақ, ҚПЛ-дің деңгейі турасындағы пікірін білдіріп, елордалық клубтың мақсатымен бөлісті.
«Біз әр ойынға жеңіске жетуді ойлап шығамыз. Әрбір матчта гол салатын 2-4 мүмкіндігіміз болады, бірақ соны іске асыра алмаймыз. Басты мәселе де осында. Ары кетсе бір-ақ доп соғамыз.
Мұндағы деңгей жақсы. Кейбір командалар еурокубоктерде доп тебеді. Чемпионаттың өзі физика жағынан мықты, кей кездесулерде ойын емес, талас-тартыс пен күрес алдыңғы орынға шығады. Ал жалпы алғанда Қазақстанда жақсы футболшылар көп әрі лиганың деңгейі де өсіп келеді.
Біздің мақсат ұпай жинап, турнирлік кестедегі жағдайымызды түзеп алу. Сөйтіп осыдан кейін одан жоғары тапсырмаларды орындауға тырысамыз. Кубок жолындамыз, алда «Астанаға» қарсы ойын бар. Десе де, қазір бастысы «Қайратпен» болатын жұмадағы кездесу. Жеңіске жетіп, ұпай қорын толықтыра түсуіміз керек», - деді елордалық клуб жартылай қорғаушысы.
Кристиан Новак «Жеңістен» басқа польшалық «Видзев Лодзь», хорватиялық «Славен», грекиялық «Паниониос» және ирландиялық «Харт оф Мидл» клубтарының намысын қорғаған. 31 жастағы футболшы ҚПЛ-2025-те бес бәсекеде өнер көрсетті. К. Новактың трансферлік бағасы 200 мың еуро.
Біздің серіктес: FONBET