ҚФФ-ның бұрынғы президенті 7 жылға сотталуы мүмкін

06.05.2025, 10:55

Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы президенті Ерлан Қожағапановтың қылмыстық ісі аяқталуға жақын.

ҚФФ-ның бұрынғы президенті 7 жылға сотталуы мүмкін

Мемлекеттік айыптаушы істі болған бұрынғы шенеунікті 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

7 жылға бас бостандығынан айыруду сұраған маман Қазақстан президентіне Е. Қожағапановты мемлекеттік наградаларынан, 2-дәрежелі «Айбын» орденінен және «кеден қызметінің полковнигі» арнайы атағынан айыру туралы ұсыныс енгізуді де ұсынды. Шенеунікке ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабының 4-бөлігінің 3-тармағы («Қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану») бойынша айып тағылған.

Айта кетейік, бұрынғы вице-министр Қазақстан-Ресей форумына шығыстарды асыра бағалаумен байланысты сыбайлас жемқорлық фактісіне қатысы бар деп айыпталуда. Е.Қожағапанов 2024-жылдың 1-наурызында қамауға алынып, 5-қаңтарда ісі сотқа келіп түсті.

Атап айтсақ, ҚФФ-ның бұрынғы басшысы 2018-жылы Солтүстік Қазақстан облысында өткен Қазақстан мен Ресей арасындағы Өңіраралық ынтымақтастық форумын ұйымдастыру барысында 1 миллиард теңгені жымқырды деген күдікпен істі болып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×