
Футболдан халықаралық дәрежедегі төреші, FIFA рефериі Антолий Чернов Sports.kz-ке ҚПЛ төрешілерінің жұмысы жайлы көлемді сұқбат берді.
Атап айтсақ, отандық маман премьер-лиганың 7-турындағы «Қайсар» – «Астана» матчына байланысты ой-пікірін білдірген болатын.
«Виктор Кумыков өз-өзін ұстай алатын сабырлы маман. Бірақ, Қазақстандағы төрешілік айтарлықтай нашарлағаны анық. Әр туры жанжалсыз, дау-дамайсыз бітпейтін болды. Футбол жанкүйерлері мұны көзбен көріп отыр. Бұған дейін төрешілер «Жетісу» клубын қасақана қысты. Ол кезде Самат Смақовқа, енді Виктор Кумыковқа қысым көрсетті. «Астана» футбол клубының бас бапкері тіпті түсініктеме беруден де бас тартты... Давид Лория мен ҚФФ президенті Марат Омаровқа тез арада талдау жасау керек. Қазылар тарапынан қателіктер өте көп. Мамандар мен жанкүйерлердің реніші орынды. Сын объективті. Бақылау жоқ. Мұны дереу тоқтату керек екеніне сенімдімін. Әйтпесе, арты жақсы болмайды», - деді маман портал тілшісімен болған әңгімеде.
Естеріңізде болса, өткен демалыста Қызылордада өткен ойын 1:1 есебімен аяқталған еді. Кездесудегі төреші Сергей Ноженко 3 пенальти белгілеп, соңғысын астаналық клубқа қайта тепкізген. Бұл жанкүйерлердің ашу-ызасын тудырды.
Біздің серіктес: FONBET