Команданың қаралы сериясы мен турнирлік кестедегі төмен деңгейі легионерлердің де шыдамын тауысқан сыңайлы. Клубтың қорғаушысы Неманя Цавнич команда ішіндегі жағдайға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Черногориялық легионер Legalbet.kz тілшісіне берген сұхбатында команданың қазіргі жағдайына көңілі толмайтынын ашық жеткізді. Оның айтуынша, футболшылар қазіргі орнын қанағат тұтпайды және намысты қолдан бермеуге бекініп отыр.
“Бұл мәселе бізге, яғни ойыншыларға емес, басқа тұлғалардың талқылауына арналған. Бірақ мен бір нәрсені нақты білемін: біз қазіргі тұрған орнымызды мүлдем ұнатпаймыз. Бұрынғы биігімізге қайта оралу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз.” — деді Цавнич.
Цавнич нақты техникалық себептерді атап өтпесе де, оның сөздерінен команда ішінде үлкен қысым мен өзгеріске деген құштарлық байқалады.