Бундеслига. 27-тур. «Вольфсбург» - «Боруссия» Д

Ермұхамед Мәулен
Ермұхамед Мәулен
Бас редактор
23.05.2020, 03:45
Бүгін Бундеслиганың 27-тур ойындары басталады.
Бундеслига. 27-тур. «Вольфсбург» - «Боруссия» Д

"Вольфсбург" өткен аптада сырт алаңда "Аугсбургты" жеңді. Жеңді деген аты болмаса, матч негізі терезесі тең дәрежеде өтті. Тек 90 минутта ғана Гинчек гол салып, "Вольфс" 3 ұпайды жұлып әкетті. "Аугсбургте" шабуылдан құр алақан емес еді. Дегенімен, сәттілік қонақтарға жолдас болса, қайтесіз?! "Боруссия" Дортмунд "Рурр аймағының дербиі" деп аталатын матчта "Шалькені" тас-талқан жеңді. Екі аяғын бір етікке тықты. Есеп 4-0. Герреро дубль, Бранд пен Холландтар бір-бірден көзге түсті. Енді "қасқырлар" өз алаңында "араларды" қабылдайды. Менің ойымша гол соққыш, шабуылы күшті "Боруссия" таза жеңісті тіркейді. Люсьен Фавр шәкірттеріне қазір Бундеслигадан басқа жарыс жоқ. Чемпиондар лигасынан шығып қалғанын бәрі біледі. "Баварияны" қуып жету үшін, немесе төменде келе жатқандар қуып жетіп алмас үшін тек қана 3 ұпай керек. Болжам: "Боруссия" жеңіс, тотал "Боруссия" 1,5 көп.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×