Дидар Сыдықбектің айтқаны өтірік болып шықты

23.05.2020, 06:21
Дидар Сыдықбек не деп өтірік айтты?
Дидар Сыдықбектің айтқаны өтірік болып шықты

"SD Family" клубының негізін қалаған Дидар Сыдықбек кеше екінші лиганың болмау қаупіне байланысты команданың жабылатыны жайлы әлеуметтік желіде хабарлаған болатын. Ал бүгін мұның бәрі әзіл екенін айтып, клубтың әрі қарай жұмыс жасай беретінін айтты.

- РЕСМИ АҚПАРАТ

"Достар, егер сіз шынымен бізді «артқа тартады» деп ойлаған болсаңыз, онда қателесесіз. Жол қаншалықты қиын болса да, біз өз жолымызбен жүруді жалғастырамыз.

Бұған дейін айтылған және қазір айтылғанның бәрі біздің алға қойған мақсатымыздың маңыздылығын одан да көп адамдарға көрсету үшін жасалды. Бұл жоспарымыз жүзеге асты деп ойлаймыз.

"Біз мұнда дәлелдеу үшін жүрміз", - бұл біздің ұранымыз ғана емес, бұл біздің мақсатымыз. Ал мақсат оған жету үшін жасалады!

Бізбен бірге болыңыз, өйткені біз сіздермен бірге боламыз!" - деді клуб басшысы өз Instagram парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×