Бундеслига чемпионатының көшбасшысы «Боруссия» 21-ші турда «Байермен» күш сынасты

14.02.2012, 04:17
Бундеслига чемпионатының көшбасшысы «Боруссия» 21-ші турда «Байермен» күш сынасты
Футболшылар тек бірінші таймның соңында ғана есеп ашу мүмкіндігіне ие болды. Жапондық жартылай қорғаушы Синдзи Кагава қорғаушылардан айласына асырып мергендігімен ерекшеленді.Алдына жан салмай өнерлі ойын өрнегімен ерекшеленіп жүрген бұл команда 46-ты ұпаймен турнир кестесінде бірінші орында келеді. Ал өз алаңында Кайзерслаутер аяқдопшыларынан басым түскен мюнхендік Бавария бар болғаны екі ұпайға артта қалып көш басындағы команданы өкшелеуде.Кездесудің 6-шы минутында алаң қожайындары таразы басын өздеріне аударды.Сол қапталда батыл батыл әрекеттерімен ерекшеленген Франк Рибери діттегеніне жете алмады. Есесіне әріптесінің ісін пайдаға жаратқан Марио Гомес талайды таңдай қақтырды.Бавария футболшылары тек мұнымен ғана шектеліп қалмады.Кездесудің 30-шы минутында Бавариялықтар қарсыластарын тағы бір мәрте сан соқтырды.Бұл жерде бірегей шеберлігімен жанкүйерлер көңілінен шыққан Томас Мюллер командасының мерейін асқақтатып 2:0 есебімен кездесуге нүкте қойды. Голландияның қазіргі чемпионы Аякс ұлттық біріншіліктің 21-ші турында Бреды командасымен күш сынасты. Алаң иелері қарсыластар қақпасын торауылдаумен болды. Бұрыштама добын оңтайлы пайдаланған Эрик Боттегиннің добы қақпа маңдайшасынан кері қайтты.Кездесудің екінші бөлігінде де Аякс шабуылшысы Дмирий Булыкин әріптестерінің қателігін қайталады.Дегенмен 68-ші минутта Булыкин өз дегеніне жетіп 1:0 есебімен командасын алға шығарды.Қарсыластарының бұл әрекетіне келіспеген алаң иелері88-ші минутта таразы басын теңестіруге шақ қалған еді.Бірақ Аякс қорғаушысы Ян Вертонген сауатты қорғанып,қауыптың бетін қайтара білді.Араға бір минут салып Булыкиннің орынына шыққан уругвайлық Аякс шабуылшысы Николас Лодейро мергендік танытып есепті еселеді.Асығы алшысынан түспей жүрген Аякс екінші айналымдағы өзінің алғашқы жеңісіне қол жеткізд. Қытайдың Бейда Лейк шаһарында фристайлдан әлем кубогінің 13-ші кезеңі өз мәресіне жетті.Ерлер арасында өзін оң қырынан көрсете білген Дмитрий Рейхард екінші орынға табан тіресе,қыздардан Юлия Галышева үшінші орынды қанағат тұтты.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×