«Тобол» мәдениетті қарым-қатынас үшін

14.02.2012, 04:14
«Тобол» мәдениетті қарым-қатынас үшін
«Тобол» ФК басшылығы «ҚФФ дау шешу жөніндегі Палатасының» шешімімен қанағаттанбады.

www.ffk.kz сайтында хабарланғандай, дау шешу жөніндегі Палатаның кезекті отырысында «Тобол» өтінішінің барлық тармақтары орындалуынан бас тарту туралы шешім қабылданды. Еңбек шартын мерзімінен бұрын бұзу туралы С.Н.Гридинның өтініші орынды деп танылды. Бұл ұстаным ойыншыны, оның агентын және «Астана» ФК-н тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде клубтың талаптарына тиісті түрде әсер етті. Бұл шешімде «С.Н.Гридин 2012 жылғы ақпанның 27-не дейінгі мерзімде «Тобол» Футбол клубы» МКК-на еңбек шартын мерзімінен бұрын бұзғаны үшін өтем төлесін» деп айтылған.

«Тобол» ФК директоры Николай Панин айтқандай, клуб бұл жерде Палатаның шешімімен келіспейді.

«10 күн аралығында клуб Гридин мен «Астана» жөнінде апелляцияға өтініш береді... Агенттің іс-әрекеттерін талқылау өтінішімен ФИФА-ға құжаттарды жібереміз, атап айтқанда, келісім-шартты бір тарапты тәртіпте бұзуға оның футболшыны бейімдегені туралы» - деп хабарлады Н.Панин.

«Тобол» ФК трансферлік саясатта әділ де ашық қатынастар құқығын қорғауға ниет білдіретінін айтады.

«Футболшы ретінде Гридин бізге енді керек емес. Дегенмен біздің ұстанымыз – мәселенің мәдениетті түрде шешілуіне қол жеткізу. Мүдделі клубтардың арасында шыншыл да ашық келіссөздер өткізу және трансферлік сома туралы бір келісімге келу. Ал кәзіргі түрде – алды да кетті болып тұр», - деп айтады Н.Панин.

Ол айтқандай, осы уақытта Палатаның кепілдемесі бойынша С.Гридинның агенты өтем ұсынған. Бірақ бұл қостанай клубының басшылығын қанағаттандырмайды.«Біздің өз шарттарымыз бар. Оларды 15 ақпанға дейін орындауға ұсыныс жасағанбыз. Бірақ олар орындаудан бас тартып отыр», - деп түйіндемеледі Н.Панин.

«Тобол» ФК баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×