Бундеслиганың осы маусымдағы үздік ойыншысы анықталды

17.05.2022, 15:45
Бұл футболшыға Еуропаның топ-клубтары көз тігіп отыр.
Бундеслиганың осы маусымдағы үздік ойыншысы анықталды

«РБ Лейпциг» командасының жартылай қорғаушысы Кристофер Нкунку Германия чемпионатының осы маусымдағы үздік ойыншысы атанды. Бұл туралы Бундеслиганың баспасөз қызметі хабарлады.

Француз футболшысы жанкүйерлер, клубтар мен сарапшылардың бірлескен шешімі бойынша аталмыш марапатқа ие болды.

Ағымдағы маусымда 24 жастағы жартылай қорғаушы Германия чемпионатында 34 матч өткізіп, 20 гол соқты, 15 нәтижелі пас берді.

Доменико Тедеско бастаған команда Германия чемпионатында төртінші орын алып, Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×