Бурак Акйылдыз енді алматылық футбол клубының намысын жыртпақ

08.02.2012, 01:09
Бурак Акйылдыз енді алматылық футбол клубының намысын жыртпақ
  Түркияда өтіп жатқан екінші оқу-жаттығу жиыны кезінде «Қайрат» футбол клубы 27 жастағы түрік аяқдопшысы Бурак Акйылдызбен 1 жылға келісімшарт жасады. Өткен маусымда Бірінші лигада өнер көрсететін «Denizlispor» командасында 10 матч өткізген ол, бірде-бір рет мергендік көрсете алмаған еді. Спорттық мансабын 1998-2006 жылдары «Göztepe SK» клубында бастаған Бурак  2006 жылы «Denizlispor» сапында өнер көрсетті. 2006-2007 жылғы маусымда «Bilecikspor» командасына жалға беріліп, онда 33 матч өткізді. Одан кейін  «Marmaris Belediyerspor» командасына  жалға берілген футболша, 25 матч өткізіп, 1 доп соқты. Одан кейін 2007-2011жылдары «Denizlispor» сапына қайта оралып, 49 матч өткізді. Сондай-ақ Премьер-лигада 1 рет мергендік танытты. Ал «Қайрат» сапында соңғы жиында байқауға келген Б. Акйылдыз жолдастық 4 кездесуге қатысып, 2 ақпанда Черногорияның Бірінші лигасында өткен маусымда 4-інші орын алған «Зета» командасымен болған ойында  жеңіс добын соққан болатын.

Автор: Ержанұлы Ерлік

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×