Жартылай қорғаушы Саиди Нтибазонкиза қызылордалық «Қайсарда» байқауда жүр.
29 жастағы футболшы «Пелистерге» қарсы жолдастық матчқа қатысып, алаңда 28-ші нөмірмен ойнады. Нтибазонкиза өз мансабында голландиялық НЕК, «Краковия», «Акхисар Беледиеспор» және «Кан» клубтарында өнер көрсеткен.
Бурунди құрамасында Саиди 13 матч өткізіп, 5 голдың авторы атанды. Нұрсұлтан Оразымбет