Кабананга – Африка ұлттары кубогының үздік сұрмергені

06.02.2017, 15:55
Кабананга – Африка ұлттары кубогының үздік сұрмергені
«Астана» мен Конго ДР құрамасының шабуылшысы Жуниор Кабананга 2017 жылғы Африка ұлттары кубогының үздік сұрмергені атанды. Конго ДР құрамасы ширек финалда ұшып кеткеніне қарамастан, Кабананганың топтық кезеңде соққан үш голы үздік бомбардир атануға жеткілікті болды. Айта кетейік, Пьер-Эмерик Обамеянг («Боруссия» Дортмунд), Андре Айю («Вест Хэм»), Риад Марез («Лестер»), Садио Мане («Ливерпуль»), Мохаммед Салах («Фиорентина»), Ислам Слимани («Лестер») секілді атақты футболшылар екі голдан соғып, «Астананың» шабуылшысына жете алмады. Ал Африка ұлттары кубогының чемпионы Камерун құрамасы атанды. Енді олар жазда Ресейде өтетін Конфедерация кубогына қатысады.                                                                                                    Нұрсұлтан Оразымбет
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×