Бурунди құрамасының ойыншысы «Қайсарда» байқауда жүр

06.02.2017, 16:38
Бурунди құрамасының ойыншысы «Қайсарда» байқауда жүр

Жартылай қорғаушы Саиди Нтибазонкиза қызылордалық «Қайсарда» байқауда жүр.

29 жастағы футболшы «Пелистерге» қарсы жолдастық матчқа қатысып, алаңда 28-ші нөмірмен ойнады. Нтибазонкиза өз мансабында голландиялық НЕК, «Краковия», «Акхисар Беледиеспор» және «Кан» клубтарында өнер көрсеткен. Бурунди құрамасында Саиди 13 матч өткізіп, 5 голдың авторы атанды.                                                                        Нұрсұлтан Оразымбет
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×