БҰЗАҚЫ ЖАНКҮЙЕР ЕЛГЕ КІРМЕЙДІ

20.09.2014, 03:58
БҰЗАҚЫ ЖАНКҮЙЕР ЕЛГЕ КІРМЕЙДІ
Ақтөбе облысының прокурорлары бұзақы жанкүйерлерді елге кіргізбеу туралы нормативтік актілер әзірлеу бастамасын қолға алды.
Облыстық прокуратураның І басқарма бастығы Маратбек Мырзамұратовтың ай­туынша, дәл осы жолмен ел ішінде болатын араздықтың алдын алуға болады екен. Тамыз айында Ақтөбе өз ала­ңында Польшаның «Легия» ко­мандасын қабылдап, ойында жеңілген болатын. Дәл сол күні түнде екі команданың жанкү­йерлері төбелесіп, орталықтың астан-кестенін шығарды. Жақын маңдағы кафенің орындықтарын қиратып, кәсіпкерді шығынға батырған болатын. «Осыған ұқ­сас жағдай өткен жылы киевтік «Динамо» командасымен ойын алдында да болды. Сол кезде же­дел іс-шаралар арқылы қақты­ғыс­қа жол берілген жоқ. Енді об­лыстық прокуратура футбол матч­­тарын өткізу кезінде құ­қықтық тәртіпті қамтамасыз ету­дің халықаралық тәжі­рибелеріне жүгінуді ұсынады. Анық­тал­ғандай, Еуропа елдерінде аса жоғары қауіп тудыратын жан­күйерлер мен фанаттар туралы деректермен алмасу үшін фанат­тардың қозғалысын бақылау жүйесі, яғни Ұлттық футболдың ақ­параттық пункттері бар екен. Ақпараттармен алмасу мақсаты – осын­дай бүлдіргіш фанат­тар­ды, олардың елге кіруіне ты­йым салу арқылы халықара­лық спорт­тық іс-шараларға қатыс­тырмау болып табылады» дейді М.Мырзамұратов. Оның ай­туын­ша, Ресейде ақпараттық пункттер жоқ. Дегенмен, олар дерек­тер­мен алмасу жұ­мыс­тарында белсенділік танытып, жан­күйерлер туралы мате­риал­дар халық­аралық полицей арналары бойынша беріледі екен. – Облыс прокуратурасы қа­зақстандық командалардың халықаралық деңгейдегі әртүрлі чемпионаттардағы белсенділігін ескеріп, бұзақы, іріткі салушы жанкү­йерлердің жолын кеспек. Ол үшін Еуро­одақ және ТМД ел­дерінің құқық қорғау құры­лым­дары арасында ақпарат ал­масу тәртібін реттейтін норма­тивтік актілерді әзірлеу бас­та­ма­сын қолға алды, – дейді бас­қарма басшысы М.Мыр­замұратов.

Алтынай САҒЫНДЫҚОВА, Ақтөбе облысы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
СЫЙАҚЫ МӨЛШЕРІ МОЛ
Келесі жаңалық
Лэмпард аңыз ойыншы
Серіктес жаңалықтары
×