Чебурин баптайтын “Жальгирис” камбэк жасады

14.04.2024, 20:14

Вильнюс қаласының "Жальгирис" ұжымы Литва чемпионатының 8-турында “Панежевис” командасымен кездесті.

Чебурин баптайтын “Жальгирис” камбэк жасады

Панежевисте өткен ойын “Жальгиристің” пайдасына 2:1 есебімен шешілді. Матчтағы барлық гол екінші таймда соғылғанын айта кетейік. Таблодағы есепті алаң иелері ашқанымен, Владимир Чебурин шәкірттері Никола Петкович пен Джейк Ларссонның көмегімен кездесуде жеңіске жетті. 

Төртінші ойын қатарынан жеңілістің кермек дәмін көрмей келе жатқан “Жальгирис” ішкі чемпионатта 19 ұпаймен көш басында келеді. Ал “Панежевис” болса, 6 ұпаймен артынан санағанда екінші орынға тұрақтады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0

Тегтер:

футбол
Серіктес жаңалықтары
×