Максим Самородов үздік шабуылшылар қатарында

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
15.04.2024, 13:50

Футболдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Максим Самородов посткеңестік елдер арасында ең қымбат шабуылшылардың тізіміне енді. Тізімде италиялық "Наполи" мен Грузия құрамасының шабуылшысы Хвича Кварацхелия (80 миллион еуро) көш бастап тұр.

Максим Самородов үздік шабуылшылар қатарында

Екінші орынға англиялық "Челси" және Украина ұлттық құрамасының футболшысы Михаил Мудрик (35 миллион еуро) жайғасса, үздік үштікті мәскеулік "Динамо" және Ресей құрамасында ойнайтын Константин Тюкавин (12 миллион еуро) түйіндеген. Ал Қазақстан құрамасы мен "Ақтөбе" футбол клубының ойыншысы Максим Самородов 10-орында тұр. Оның трансферлік нарықтағы құны 900 мың еуроға бағаланған. Еске салайық, сондай ақ Қазақстан ұлттық құрамасының және "Бешикташ" клубының футболшысы Бахтиер Зайнутдинов посткеңестік елдер арасында ең қымбат футболшылар тізіміне енген еді.  

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 10
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×