Чехия Нидерланды құрамасын жеңіп, ширек финалға өтті

28.06.2021, 04:44
Плэй-офф кезеңіндегі алғашқы сенсация деп айтсақ болады.
Чехия Нидерланды құрамасын жеңіп, ширек финалға өтті

Еуропа Чемпионатының 1/8 финалында Чехия құрамасы Нидерланды құрамасын жеңді. Кездесу Будапешттегі (Венгрия) "Пушкаш Арена" стадионында өтіп, 2:0 есебімен аяқталды.

55-минутта бас төреші Сергей Карасев Нидерланды құрамасының қорғаушысы Маттиас де Лигтті әдейі қолымен ойнағаны үшін алаңнан қуып жіберді. Есепті Чехияның жартылай қорғаушысы Томаш Голеш ашты. Ал 80-минутта Патрик Шик екінші голды соғып, матчтың нүктесін қойды. Алғашқы голды соққан Голеш матчтың үздік ойыншысы атанды.

Ширек финалда Чехия Дания құрамасымен ойнайтын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×