«Челси» бүгін Фрэнк Лэмпардты қызметінен босатуы мүмкін

25.01.2021, 21:13
Томас Тухель бұл қызметке басты үміткер ретінде қарастырылуда.
«Челси» бүгін Фрэнк Лэмпардты қызметінен босатуы мүмкін

"Челсидің" бас бапкері Фрэнк Лэмпард жақын арада қызметінен кетуі мүмкін.

The Telegraph басылымының хабарлауынша, бүгін, 25 қаңтарда лондондық клуб бапкердің отставкаға кеткені туралы хабарлайды. "Челси" басшылығы футболшыларға таңертең базаға келмеу туралы бұйрық беріпті.

Бір күн бұрын, 24 қаңтарда, "Челси" Англия Кубогінің 1/16 финалында "Лутон Таунды" жеңіп, турнирдің келесі кезеңіне өтті.

Естеріңізде болса, Лэмпард 2019 жылдың жазында "Челсидің" бас бапкері атанған еді. Қазіргі уақытта команда 19 турда 29 ұпаймен Премьер-Лиганың турнирлік кестесінде тоғызыншы орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×