“Челси” Дастан Сатпаевтың болашағына қатысты шешім қабылдады

Бүгін, 12:07

Лондондық "Челси" клубына ауысқан 17 жастағы Дастан Сатпаевтың алдағы мансабына қатысты жоспарлар белгілі болды, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Челси” Дастан Сатпаевтың болашағына қатысты шешім қабылдады

Соңғы мәліметтерге сәйкес, жас талант Франция чемпионатында бағын сынап көруі мүмкін.

Франциялық журналист Сирил Оливес-Бертенің хабарлауынша, Сатпаев бірнеше айдан бері "Страсбур" клубына жалға берілуі мүмкін кандидаттардың тізімінде тұр. Бұл нұсқаның жүзеге асу ықтималдығы жоғары, себебі Француз клубы мен "Челси” екеуі де бірдей BlueCo холдингінің құрамына кіреді. Дегенмен, бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім әлі қабылданған жоқ.

Клуб басшылығының жоспары бойынша, Сатпаев алдымен "Челсидің” жаңа бас бапкері Хаби Алонсоның жетекшілігімен маусым алдындағы оқу-жаттығу жиындарына қатысады. Осы дайындық кезеңінің қорытындысы бойынша бапкерлер мен басшылық жас футболшыны бағалап, оның дамуы үшін келесі қадамның қандай болатынын анықтайды.

Айта кету керек, “Страсбур" — жалғыз нұсқа емес. "Челси" басшылығы Қазақстандық шабуылшының Еуропада тұрақты ойын практикасын алып, шеберлігін одан ары шыңдауы үшін басқа да мүмкіндіктерді қарастырып жатыр. Негізгі мақсат — футболшының кәсіби деңгейін көтеру үшін ең қолайлы жағдай жасау.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Aladop Youtube
×