«Челси» «Манчестер Ситидің» екі ойыншысын сатып алмақ

09.07.2022, 20:51
«Аристократтар» қос ойыншы үшін 100 миллион еуро төлемек.
«Челси» «Манчестер Ситидің» екі ойыншысын сатып алмақ

«Манчестер Ситидің» қорғаушысы Натан Аке «Челсиге» ауысуға жақын.

Фабрицио Романоның айтуынша, лондондық клуб Нидерларды құрамасының ойыншысымен жеке келісім-шарт талаптарын келісіп қойған.

«Манчестер Сити» 27 жастағы қорғаушының «Челсиге» ауысуына кедергі болмайды, бірақ әлі лондондық клуб тарапынан ресми ұсыныс түспеді. «Манчестер Сити» өз ойыншысы үшін 40-45 миллион фунт стерлинг алғысы келеді.

Акенің «Ситимен» келісім-шарты 2025 жылдың жазына дейін есептелген. Қорғаушы Премьер-лиганың өткен маусымында 14 ойынға қатысып, екі гол соқты. Англия чемпионы Аке кетсе, жаңа орталық қорғаушы сатып алуды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, Аке - «Челси» академиясында тәлім алған футболшы. Лондондық клуб Натанды 2017 жылы «Борнмутқа» сатып жіберді. Сол кездегі қорғаушының трансфер құны 20 миллион фунт стерлингті құрады.

«Манчестер Ситидің» шабуылшысы Рахим Стерлинг те мансабын «Челсиде» жалғастырады. Қос команда трансфер құны жайлы нақты мәмілеге келді.

Лондондық клуб Англия құрамасының ойыншысы үшін 45 миллион фунт стерлинг төлейді. Одан бөлек, 10 миллион көлемінде бонустар қарастырылған.

Рахим өткен маусымда «Манчестер Сити» жейдесінде 47 ойынға қатысып, 17 гол соқты, 5 нәтижелі пас берді. 27 жастағы шабуылшының манчестерлік клубпен келісім-шарты 2023 жылдың 30 маусымына дейін есептелген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×