Дрис Мертенс бельгиялық клубпен келіссөз жүргізуде

09.07.2022, 20:36
Бельгиялық клуб еркін агент атанған Мертенске екі жылдық келісім-шарт ұсынуға дайын.
Дрис Мертенс бельгиялық клубпен келіссөз жүргізуде

«Наполидің» бұрынғы шабуылшысы Дрис Мертенс бельгиялық «Антверпен» командасына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды журналист Николо Скира.

Дереккөздің айтуынша, тараптар арасында ресми келіссөздер басталып кеткен. Бельгиялық клуб еркін агент атанған Мертенске екі жылдық келісім-шарт ұсынуға дайын.

33 жастағы Мертенстің «Наполимен» келісім-шарты 2021/2022 жылғы маусымның соңында аяқталды. Ол неаполитандық команда сапында 2013 жылдан бері ойнап келді.

«Наполи» жейдесінде 397 матчқа қатысқан Дрис 148 гол соғып, 90 нәтижелі пас берді.

Бұған дейін, бельгиялық шабуылшының «Марсельге» ауысатыны туралы сыбыстар пайда болған еді. Бірақ белгілі инсайдер Фабрицио Романо бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×