«Челси» «РБ Лейпциг» пен Франция құрамасының жартылай қорғаушысы Кристофер Нкункаға қызығушылық танытып отыр.
Белгілі инсайдер Николо Скираның айтуынша, «Челси» ойыншымен трансфер туралы нақты мәмілеге келіп үлгерген. Лондондық клуб жақын арада ойыншыны сатып алғысы келеді.
Bild порталының хабарлауынша, Нкунку тамыз айының соңында жасырын түрде медициналық тексерістен өткен екен. Тексерістің нәтижесі «Челси» клубының дәрігерлеріне жеткен.
Кристофер Нкунку «РБ Лейпциг» клубына 2019 жылдың шілдесінде «Пари Сен-Жермен» командасынан аусып келіп, содан бері 134 матчта 47 гол соққан.
Өткен маусымда 24 жастағы жартылай қорғаушы Германия чемпионатында 34 матч өткізіп, 20 гол соқты, 15 нәтижелі пас берді және Бундеслиганың үздік ойыншысы деп танылды.
КПЛ-ға тиімді ставкалар мен арнайы акцияларды FONBET ұсынады – Қазақстандағы ең үздік VIP-бағдарламасы бар букмекер. Жаңа клиенттерге осы сілтемемен, ALADOP промокоды арқылы тіркелгенде, FONBET алғашқы шотты толықтырғаны үшін 200 000 теңгеге дейін бонус береді: http://www.fonbet.kz/s/21Xe9a