ПСЖ Лионель Мессиге екі жылдық келісім-шарт ұсынды

30.09.2022, 22:29
Лео жазда «Барселонаға» ауысуы ықтимал.
ПСЖ Лионель Мессиге екі жылдық келісім-шарт ұсынды

ПСЖ Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Мессиге жаңа келісім-шарт ұсынды.

El Larguero порталының хабарлауынша, француз клубы аргентиналық шабуылшыға 1+1 схемасы бойынша келісім-шартты ұзарту туралы ұсыныс жасаған. Бірақ бұған қарамастан Мессидің жылдық жалақысы 30 миллион еуро болып қала береді. Лео париждік клубтың ұсынысына әлі нақты жауабын берген жоқ.

Бұған дейін Мессидің париждіктермен келісім-шартты ұзарту туралы жоспарының жоқ екені хабарланған болатын. Футболшыға «Барселона» қызығушылық танытуда. Леоның 2023 жылдың жазында еркін агент атанады.

Франция чемпионатының ағымдағы маусымында Месси сегіз матчқа қатысып, төрт гол соқты, жеті нәтижелі пас берді. Чемпиондар лигасының екі ойынында бір гол соғып, бір нәтижелі пасты өз атына жазды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×