«Челси» «Севилья» қорғаушысына көз тікті

19.07.2022, 20:04
Лондондық клуб футболшы үшін «Барселонамен» талас жүргізеді.
«Челси» «Севилья» қорғаушысына көз тікті

«Челси» «Манчестер Ситидің» голландиялық қорғаушысы Натан Акені сатып алмағандықтан, «Севильяның» қорғаушысы Жюль Кундемен келіссөздерді қайта бастады. Бұл туралы журналист Фабрицио Романо хабарлады.

«Манчестер Сити» «Челсиге» Натан Акені жіберуден бас тартты. Енді Жюль Кунде үшін «Челси» мен «Барселона» таласып көрмек.

Бұған дейін каталондық клуб Кунденің трансфері үшін 45 миллион еуро мен ойыншылардың бірін ұсынған болатын. Бірақ «Севилья» футболшы үшін 60-65 миллион еуро талап етуде.

23 жастағы Кунде «Севильяға» 2019 жылы қосылды. Содан бері француз қорғаушысы испаниялық клуб жейдесінде 133 кездесу өткізіп, тоғыз гол соқты, үш нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×