«Шахтер» ресейлік қорғаушымен толықты

19.07.2022, 17:15
«Кеншілер» сапында футболшы 5-ші нөмірмен өнер көрсетпек.
«Шахтер» ресейлік қорғаушымен толықты

Қарағандылық «Шахтер» 27 жастағы ресейлік қорғаушы Темур Мустафинмен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.

«Кеншілер» сапында Темур 5-ші нөмірмен өнер көрсетпек.

Мустафин Өзбекстанда дүниеге келген, бірақ бес жасында Ресейге көшіп кеткен. Ол өзінің футболдағы алғашқы қадамын Коноплев академиясында, сондай-ақ «Ростов» пен «Локомотивтің» жастар командаларында жасады. Сонымен қатар қорғаушы ресейлік «Авангард», «Зенит-2», «Факел», «Сочи», «Армавир», «Олимп», «Черноморец» сынды клубтарда өнер көрсеткен.

Мустафиннің соңғы командасы армениялық «Нораванк» болды, бұл клуб үшін Темур 34 матч өткізіп, 3 гол соқты, 2 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×