«Челси» «Севильяның» қорғаушысын сатып алуға ниетті

28.07.2021, 00:34
Футболшының трансферлік құны 80 миллион еуроны құрайды.
«Челси» «Севильяның» қорғаушысын сатып алуға ниетті

"Челси" Франция құрамасының қорғаушысы Жюль Кундені сатып алу үшін "Севилья" клубымен келіссөздер жүргізуде. Қос клуб арасында әлі нақты келісім жасалған жоқ, деп хабарлайды италиялық инсайдер Фабрицио Романо.

Кунденің қазіргі келісім-шартындағы өтемақы құны 80 миллион еуроны құрайды, ал "Челси" мен "Севилья" ойыншының трансферлік құнын төмендету мәселесін талқылап жатыр.

Кунде "Челсиге" ауысуға дайын, өйткені өзін Чемпиондар лигасында сынап көргісі келеді, сол себепті ол "Тоттенхэмнің" ұсынысын қабылдаған жоқ.

"Челси" алдағы уақытта "Фулхэмнің" бұрынғы қақпашысы Беттинеллимен келісім-шарт жасасады. Ал Жюль Кунде лондондық клубтың осы жаздағы екінші трансфері болуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×