«Челсидің» шабуылшысы Тимо Вернер «РБ Лейпцигке» қайта оралғысы келеді. Германиялық клуб 26 жастағы футболшыны сатып алу құқығымен жалға алғысы келеді, деп хабарлайды Bild басылымы.
Вернер өзінің бұрынғы командасына қосылу үшін жалақысын 50%-ға қысқартуға дайын. Шабуылшыға «Ювентус» пен «Ньюкасл Юнайтед» клубтары да қызығушылық танытуда.
Вернердің «Челсимен» келісім-шарты 2025 жылға дейін есептелген. Transfermarkt порталы ойыншының құнын 35 миллион еуроға бағалап отыр.
Вернер өткен маусымда лондондық клуб үшін 37 ойынға қатысып, 11 гол соқты, 6 нәтижелі пас берді.
Біздің серіктес: FONBET