«Милан» бельгиялық шабуылшыны сатып алды

30.07.2022, 17:42
Трансфер құны 36 миллион еуроны құрады.
«Милан» бельгиялық шабуылшыны сатып алды

«Брюгге» шабуылшысы Шарль де Кетеларе мансабын «Миланда» жалғастырады, деп хабарлайды белгілі инсайдер Фабрицио Романо.

Италиялық клуб 21 жастағы футболшы үшін 36 миллион еуро төлейтін болады. Бельгиялық шабуылшы алдағы күндері медициналық тексерістен өтіп, келесі аптада «Милан» ойыншысы ретінде таныстырылады. Италия чемпиондары де Кетелареге маусымдық жалақысы 2,7 миллион еуроны құрайтын бес жылдық келісім-шарт ұсынды.

Де Кетеларе - «Брюггенің» түлегі. 2021/2022 жылғы маусымда Шарль 49 матчта 18 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді. Оның клубпен келісім-шарты 2024 жылы аяқталады. 2020 жылдың қарашасынан бастап футболшы Бельгия құрамасына шақыртылуда (8 ойын, 1 гол).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×