Челсиде ойнамайтын "ақсүйектер"

05.12.2013, 06:01
Челсиде ойнамайтын "ақсүйектер"
Бүгінгі таңда Англияның ғана емес әлемнің үздік клубтары қатарынан саналатын Лондондық Челсидің Челсиде ойнамайтын ойыншылары туралы бірер сөз. Қағаз жүзінде Лондондық клубқа тиесілі болғанмен, басқа клубтардың намысын қорғап жүргендер кімдер? Өзге клубта жүрген "ақсүйектердің" үздік алтылығы 1.Тибо Куртуа. куртуа   Бельгия ұлттық құрамасы мен Мадридтік Атлетиконың негізгі қақпашысы. Куртуа болашағынан үлкен үміт күттіретін қақпашылардың бірі. 21 жасар бельгиялық  алдағы уақытта Петр Чехтің орнын басып жатуы да ғажап емес. Атлетико сапындағы ойыны да көз қуантарлық. Былтырғы маусымда примераның үздік қақпашысына берілетін "Самора" сыйлығын иеленді.   2.Лукас Пиазон пиазон Бразилиялық вундеркинд. Небәрі 19 жаста болғанмен бүкіл әлем назарын өзіне аударып үлгерген футболшы. "Сан Паулу" футбол академиясының түлегі. Бразилиялық клуб қатарында бірнеше турнирлерде көзге түсіп үлгерген жас футболшы үшін Еуропаның бірнеше алпауыт командалары таласып баққан еді. Пиазон Челсиді таңдады. Бүгінде ол Голландияның "Витесс" командасына жалға берілген.     3.Марко Марин. марин Германия ұлттық құрамасы мен Севильяның жартылай қорғаушысы. Марко алғашында болашағынан үлкен үміт күттіретін жас футболшылар қатарынан саналып келді. Бірақ, бүгінгі Германия ұлттық құрамасындағы бәсекелестікке бұл футболшы қабілетсіз болып қалғандай. Севильяның үздік ойыншыларының бірі.   4.Ориоль Ромеу. _romeu Испаниялық жартылай қорғаушы бүгінде Валенсияның негізгі ойыншыларының бірі. Барселона жастары қатарында ойнаған Ромеу Челсиге 5млн евроға келген болатын. Ақсүйектер қатарынан орын табылмаған соң, отанына қайтуға мәжбүр болды. Шеберлігін шыңдап жатса, Ориоль болашақта Челсидің негізгі құрамынан табылып қалуы да мүмкін.   5.Виктор Мозес. мозес Нигерия ұлттық құрамасы мен "Ливерпульдің" шабуылшысы. Англияның "Кристал Пэлас" клубы академиясынан тәлім алған шабуылшыны өз құрамына қосу үшін "ақсүйектерге" біраз еңбектенуге тура келді. Тек қана бесінші ұмтылыстарында ғана Мозестің командасы "Уиган Атлетик" басшылары ойыншыны сатуға көнген болатын. Трансфер бағасы 9млн фунт стерлингті құраған.     6.Ромелу Лукаку. Romelu Lukaku Бельгия құрамасы мен "Эвертон" клубының шабуылшысы. Бельгиялықтардың "Алтын кезеңі" деп аталып жүрген қазіргі құрамның негізгі орындаушыларының бірі. "Андерлехт" футбол академиясының түлегі.  Болашақ "Дрогба" деп танылып жүрген футболшы. Әзірге Лукакуға Челсидің негізгі құрамынан орын тимей жүр. Бірақ, шыққан тегі конголық болған ойыншының соңғы екі маусымдағы ойындары көз қуантады. Осылай жалғаса берсе Жозе бапкерге Лукакуды командаға алдырудан басқа амал қалмайтындай... Жәнібек Әбішев                                  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×