«Челсидің» аты аңызға айналған ойыншылары

Ернар Ламқадыров
Бас редактор
11.08.2020, 23:52
Қазіргі «Челсиге» де дәл осындай ойыншылар қажет-ақ.
«Челсидің» аты аңызға айналған ойыншылары

Біз бүгін "Челсидің" ХХІ ғасырдағы аты аңызға айналған ойыншылары туралы айтатын боламыз, олардың ішінде қақпасына гол жібермейтін қақпашыдан клуб тарихындағы ең үздік сұрмергенге дейін бар.

Петр Чех

Туған жылы: 1982

Позиция: қақпашы

Клубта жеңіп алған жүлделер саны: 15

Петр Чех 2018/19 маусымның аяғында ойыншы ретіндегі мансабын аяқтады.

Клубта ойнаған жылдары

2004 жылдан 2015 жылға дейін Лондондық клубтың намысын қорғады. Петр Чех "Челсиде" 11 маусым өткізді. Осы уақыт аралығында ол Премьер-лигада 333 матч өткізген.

Естеліктері

Құрғақ матч бойынша клуб рекордын орнатқан: 11 ойын 35 минут. Бұл жетістігі үшін оны жанкүйерлер «Мистер Нөл» деп атады. Ол "Челсидегі" алғашқы маусымының өзінде-ақ команданың басты ойыншысына айналды, сол маусымда Чех Премьер-Лиганың 35 ойынында небәрі 13 гол жіберіп алды. 2006 жылы ол Стивен Хантпен қатты соқтығысқаннан кейін өмірімен қош айтыса жаздады, бірақ сынған бас сүйегі қалпына келіп, басына дулыға киіп, алаңға қайта оралды. 2011/12 жылғы маусымда Чемпиондар лигасының финалындағы пенальти сериясында бір рет қақпасын голдан аман сақтап, "Челсиге" клуб тарихында болмаған осы турнирдегі жалғыз олжаны жеңіп алуға көмектесті. 2005 жылы ол МФФИИС нұсқасы бойынша әлемдегі ең үздік қақпашы атанды.

Клубтағы жетістіктері

«Челсиде» Петр төрт лига титулын, олардың екеуін қатарынан жеңіп алды (2004/05 және 2005/06 маусымда). Чехтің еншісінде Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасындағы жеңіс, Англия Кубогындағы 4 жеңіс, Суперкубоктағы 2 жеңіс, Лига кубогындағы 3 жеңіс бар.

Эшли Коул

Туған жылы: 1980

Позиция: қорғаушы

Клубта жеңіп алған жүлделер саны: 9


Эшли Коул бірнеше рет жанжалдың ортасында болған. 2011 жылы Коул әзілдеп клубта жаттығып жатқан жас маманды атып өлтіре жаздаған.

Клубта ойнаған жылдары

2006 - 2014 жылдар арасында Эшли сегіз маусымды «Челсиде» өткізді. Осы кезеңде ол Премьер-лиганың 229 матчына қатысты.

Естеліктері

Әлемдегі ең үздік қаптал қорғаушыларының бірі және "Челсидің" көшбасшысы. Ол өзінің әйгілі серіктестері: Чех, Дрогба, Терри және Лэмпардпен бірге команданың негізін құрады. Жанкүйерлердің пікірінше, ол 2009/2010 маусымның ең үздік ойыншысы деп танылды. «Челси» Чемпиондар лигасының финалында екі рет ойнады. Ол жоғары жылдамдықпен және керемет техникамен ерекшеленді, шыдамды және берілмейтін ойыншы болды. Эшли Коулдың негізгі құрамдағы орнын жас ойыншылар тартып алған кезде ол клубтан кетуге мәжбүр болды.

Клубтағы жетістіктері

«Челсиде» Коул бір рет Англия чемпионы атанды, төрт Англия Кубогының, бір Англия Суперкубогының және бір Лиганың Кубогын жеңіп алды. Сонымен қатар Эшли Лондондық клубпен бірге Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасында да топ жарды.

Джон Терри

Туған жылы: 1980

Позиция: қорғаушы

Клубта жеңіп алған жүлделер саны: 17


Клуб үшін соңғы матчында Терри 26-минутта алаңнан кетті. 26 - бұл «Челси» сапындағы Терриге тиесілі нөмір.

Клубта ойнаған жылдары

1998 - 2017 жылдар аралығында Джон 19 маусым бойы "Челсидің" намысын қорғады. Осы уақыт ішінде ол Премьер-лиганың 489 матчына қатысты.

Естеліктері

Клубтың ең даулы ойыншыларының бірі және "Челси" құрамындағы Англияның бес дүркін чемпионы. 20 жасында ол «Челсидің» капитаны болды және капитан ретінде 575 ойынға қатысып, клуб рекордын жасады. "Челсиде" жүрген кезінде ол ағылшын футболындағы ең үздік қорғаушының деңгейіне жетті. Оның керемет жұмыс қабілеті бар және Карло Анчелоттидің айтуы бойынша, Терри капитандық белгімен туылған. Ол команда жетекшілерінің бірі болды және екі рет Чемпиондар лигасының финалына шықты. Терридің қателігі Челсиді 2008 жылғы Чемпиондар лигасының финалынан ұшырды - Джон пенальти сериясында шешуші соққыны сәтсіз орындады. Команда тарихында өткізілген матчтар саны бойынша тарихтағы үшінші ойыншы атанды - 717 матч.

Клубтағы жетістіктері

Терри «Челси» клубымен бірге бес рет Премьер-лиганы, бес рет Англия кубогын және екі рет Англия суперкубогын, үш рет Лига кубогын жеңіп алды. Сондай-ақ, Джон Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының жеңімпазы атанды.

Дидье Дрогба

Туған жылы: 1978

Позиция: шабуылшы

Клубта жеңіп алған жүлделер саны: 14


Дрогба "Челсидегі" мансабын аяқтағаннан кейін Канадалық "Монреаль Импакт" клубында, содан кейін Америкалық "Финикс Райзингте" ойнады.

Клубта ойнаған жылдары

2004 жылдан 2012 жылға дейін "Челсиде" доп тепті. Сонымен қатар, ол 2014/15 маусымда қайтадан «ақсүйектер» сапында ойнады. Жалпы алғанда, ол «Челсиде» тоғыз толық емес маусымды өткізді, осы кезеңде ол Англия Премьер-лигасының 254 матчында өнер көрсетті.

Естеліктері

«Челси» клубының тарихындағы ең үздік сұрмерген (легионер ретінде) - 164 гол. «Челси» сапындағы өзінің алғашқы маусымында ол 10 голмен клубтың сұрмергендер тізімінде үшінші орынды иеленді және "Челсиге" соңғы 50 жылдағы Премьер-Лиганың алғашқы чемпиондық титулын алуға көмектесті. Англия Кубогының төрт финалында гол соқты, барлығы да "Челсидің" жеңісімен аяқталды. Ол мықты шабуылшы және дәл соққымен ерекшеленді, екінші қабатта жақсы ойнады және еркін соққылар жасай алды. Ол өзі ойнаған кез-келген турнир финалында жиі гол соғумен танымал болды. Мысалы, 2011/12 жылғы Чемпиондар лигасының финалында Дидье алдымен есепті теңестірді, содан кейін матчтан кейінгі пенальти сериясында да шешуші голды соқты және «Челсиді» жеңіске жетеледі. Ол өзінің көшбасшылық қасиеттері үшін «Көшбасшы» деген атаққа ие болды. Премьер-лигада 100 гол соққан алғашқы африкалық футболшы атанды.

Клубтағы жетістіктері

Төрт Премьер-лига титулын, төрт Англия кубогы және екі Англия суперкубогына қол жеткізді. Сонымен қатар Дрогба үш рет Лига Кубогы және бір рет Чемпиондар Лигасын жеңіп алды.

Фрэнк Лэмпард

Туған жылы: 1978

Позиция: Жартылай қорғаушы

Клубта жеңіп алған жүлделер саны: 13


Фрэнк 2008 жылы қайтыс болған анасына арнап кітап жазып жатыр (балаларға арналған).

Клубта ойнаған жылдары

2001 жылдан 2014 жылға дейін - барлығы 13 маусым өткізді. Осы кезеңде Фрэнк Англия чемпионатында 429 матчқа қатысқан екен.

Естеліктері

«Челсиде» ол Англия мен әлемдегі ең мықты жартылай қорғаушылардың бірі болды. Барлық турнирлерде 211 гол соққан клуб тарихындағы үздік сұрмерген. Алғашқы маусымда ол Лондондық команда құрамында 53 ойында 7 гол соқты. Ол тез арада команда жетекшісі бола білді және клубтың символына айналды. Жылдамдығы мықты, екінші қарқынмен шебер шабуылдаған Лэмпард Премьер-лигада айдың және екі рет - Футбол қауымдастығының нұсқасы бойынша жылдың үздік ойыншысы болды. Ол үш рет - 2005, 2006 және 2010 жылдары чемпионаттағы үздік ассистент атанды. Ал 2019 жылы "Челсиге" бапкер ретінде оралды.

Клубтағы жетістіктері

Англияның үш дүркін чемпионы, Англия Кубогының төрт дүркін жеңімпазы. Лэмпард одан бөлек екі Суперкубок және бір Лига кубогын, Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасын да жеңіп алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×