«Тоттенхэм» Дания құрамасының ойыншысымен толықты

12.08.2020, 05:17
Моуриньоға Эриксеннің орнын басатын ойыншы керек.
«Тоттенхэм» Дания құрамасының ойыншысымен толықты

«Тоттенхэм» ресми сайтында «Саутгемптон» клубының жартылай қорғаушысы Пьер-Эмиль Хёйбьергтің ауысқандығы туралы хабарлады.

25 жастағы даниялық футболшы Англия клубымен бес жылдық келісімшартқа отырды. Хёйбьерг «Тоттенхэм» клубында 5-ші нөмірмен ойнайтын болады.

Англия Премьер-лигасындағы тағы екі клуб - «Арсенал» және «Эвертон» да жартылай қорғаушының қызметіне қызығушылық танытқан еді.

25 жастағы Хёйбьерг «Саутгемптон» сапында 2016 жылдың жазынан бастап ойнады. Жартылай қорғаушы «Бавария», «Шальке 04», «Аугсбург» және «Бавария 2» командаларының намысын қорғаған. Өткен маусымда Англия Премьер-лигасында Пьер-Эмиль 33 кездесуде бір голдық паспен көзге түскен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×