«Челсидің» бұрынғы шабуылшысы: «Кепа командадағы бірінші нөмір мәртебесінен айырылып, үшінші қақпашы атанды»

19.10.2020, 02:25
Кепа кеше Эдуар Мендиге өз орнын босатып берді.
«Челсидің» бұрынғы шабуылшысы: «Кепа командадағы бірінші нөмір мәртебесінен айырылып, үшінші қақпашы атанды»

"Челсидің" бұрынғы шабуылшысы Тони Каскарино Лондондық клубтың қазіргі қақпашысы Кепа Аррисабалага туралы өз пікірін білдірді. Кепа кеше "Саутгемптонмен" (3:3) болған матчта өрескел қателіктер жіберген болатын.

"Кепа бірінші нөмір мәртебесінен айырылып, екінші қақпашыға айналды, кешегі матчтан кейін ол командадағы үшінші қақпашы атанды. Ол енді қосалқы құрамда да отырмайды. Кабальеро екінші қақпашы болады".

Кепа "Челсиге" 2018 жылдың жазында "Атлетик Бильбао" клубынан ауысып келген еді. Трансфер құны 81 миллион еуроны құрады. Осылайша, ол футбол тарихындағы ең қымбат қақпашы атанды. Аррисабалага осы маусымда Премьер-лигада үш матчқа қатысып, сегіз гол жіберіп алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×