Transfermarkt әлемнің ең қымбат ойыншыларынан жасақталған құрамды жариялады

19.10.2020, 01:48
Бұл тізімге «Баварияның» қорғаушысы Альфонсо Дэвис еніпті
Transfermarkt әлемнің ең қымбат ойыншыларынан жасақталған құрамды жариялады

Танымал Transfermarkt порталы әлемдегі ең қымбат ойыншылардың символикалық құрамын жариялады. Оның құрамына Испания, Германия, Франция, Англия және Италия чемпионаттарында өнер көрсететін футболшылар кірді.

Қақпашы: Ян Облак (90 миллион еуро).

Қорғаушылар: Альфонсо Дэвис (80 миллион еуро), Вирджил ван Дейк (80 миллион еуро), Маттейс де Лигт (70 миллион еуро), Трент Александр-Арнольд (110 миллион еуро).

Жартылай қорғаушылар: Йозуа Киммих (85 миллион еуро), Кевин Де Брюйне (120 миллион еуро), Садио Мане (120 миллион еуро), Рахим Стерлинг (128 миллион еуро).

Шабуылшылар: Килиан Мбаппе (180 миллион еуро), Неймар (128 миллион еуро).

Ең қымбат ойыншы - "Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Килиан Мбаппе. Екінші орынды «ПСЖ» шабуылшысы Неймар мен «Манчестер Ситидің» шабуылшысы Рахим Стерлинг бөлісті. Ал үшінші орынды «Манчестер Ситидің» жартылай қорғаушысы Кевин Де Брюйне мен «Ливерпульдің» шабуылшысы Садио Мане бөлісті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×