«Қайрат» камбэк жасады

18.10.2020, 23:45
Бұл матчта екі соғылмаған пенальти мен екі қызыл қағаз көрдік.
«Қайрат» камбэк жасады

Алматылық "Қайрат" Премьер-лиганың 13-турында Талдықорғандық "Жетісудан" басым түсті. Матч "Жас Қыран" стадионында өтіп, 4:2 есебімен аяқталды.

Кездесудің есебін 7-минутта қорғаушылардың қателігін сәтті пайдаланған "Жетісу" ойыншысы Педро Эуженио ашты. 18-минутта Стас Покатилов қателесіп, Сүйімбаевтың берген пасын өз қақпасына соғып алды. 30-минутта Абат Айымбетов есепті қысқартты. 50-минутта "Жетісу" қақпасына пенальти белгіленіп, Вагнер Лав бұл мүмкіндікті пайдалана алмады.

Араға алты минут салып, Абат Айымбетов дубль жасап, есепті теңестірді. 60-минутта Эссеола кезекті пенальтиді голға айналдыра алмады. Осы сәтте Эссеолаға қарсы тәртіп бұзғаны үшін Сапанов алаңнан қуылды. 76-минутта Денис Поляков "Қайрат" сапындағы алғашқы голын соғып, командасын алға шығарды. Матчтың аяқталуына санаулы минуттар қалғанда Аслан Дарабаев екінші сары қағаз алып, ойыннан қуылды. Ал соңғы минутта Үсенов өз командасының төртінші голын соғып, матчтың нүктесін қойды.

Бұл ойынна кейін "Қайрат" 32 ұпаймен көш басында қала бермек. 16 ұпайы бар "Жетісу" жетінші орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×