«Барселонаның» үш футболшысы ғана жалақысын қысқартуға келісті

18.10.2020, 23:10
Қалған ойыншылар бұл ұсыныстан үзілді-кесілді бас тартты.
«Барселонаның» үш футболшысы ғана жалақысын қысқартуға келісті

Марк-Андре тер Штеген, Френки де Йонг және Клеман Лангле коронавирустық дағдарысқа байланысты жалақысын қысқартуға келіскен «Барселона» ойыншыларының қатарына кірді, деп хабарлады Catalunia Radio.

Дереккөздің хабарлауынша, каталондық команданың қалған ойыншылары "Барселона" клубының кірісінің 30% (203 миллион еуро) төмендеуіне байланысты жалақысының төмендеуімен келіспейтіндіктерін білдіретін ресми құжатқа қол қойған.

Менеджменттің жоспары бойынша клуб жалақыны қысқартуды жоспарламайды, бірақ келісімшарт бойынша төлемдерді экономикалық жағдай тұрақталғанға дейін кешіктіруді ойластырып отыр.

"Барселона" 4 ойында 7 ұпай жинап, Испания чемпионатының турнирлік кестесінде 9-орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×