Жоао Паулоның голы «Ордабасыға» жеңіс сыйлады

18.10.2020, 20:52
Жоао Паулоның голы «Ордабасыға» жеңіс сыйлады

Қарағандылық "Шахтер" Премьер-лиганың 13-турында Шымкенттік "Ордабасыдан" минималды есеппен жеңіліп қалды. Сегізбаев атындағы стадионда өткен матч 0:1 есебімен аяқталды.

Ойындағы жалғыз әрі жеңісті голды "Ордабасының" бразилиялық шабуылшысы Жоао Пауло соқты. Оның айып алаңының ішінен жасаған соққысы "Шахтер" қорғаушыларының біріне тиіп, доп қақпа төрінен табылды.

"Ордабасы" бұл жеңістен кейін 21 ұпаймен үшінші орынға көтерілді. Ал "Шахтер" 16 ұпаймен алтыншы орында қала бермек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×