Буффон тарихи жетістікке қол жеткізді

18.10.2020, 18:58
Кешегі матчтағы Буффонның командаластары қақпашының футболдағы дебютінен кейін туылған екен.
Буффон тарихи жетістікке қол жеткізді

Италия чемпионатының 4-турында "Кротонемен" ойнаған (1:1) "Ювентустың" 42 жастағы италиялық қақпашысы Джанлуиджи Буффон турнир тарихында өткізілген матчтар саны бойынша рекорд орнатты. Бұл туралы Opta статистикалық порталы Twitter парақшасында хабарлады.

Дереккөздің айтуынша, Джанлуиджи Буффон Италия чемпионатының тарихында 650 матч өткізген алғашқы ойыншы болды. Одан бөлек, "Кротонемен" ойында негізгі құрамнан шыққан командаластарының жетеуі 1995 жылдың қарашасында Буффонның Италия чемпионатындағы дебюті кезінде әлі туылмағандығы атап өтілген.

Естеріңізге сала кетейік, Буффон 2001 жылдың шілдесінде италиялық "Пармадан" 52,8 миллион еуроға ауысып, "Ювентус" ойыншысы атанды. 17 жылдан кейін ол Туриндік клубтан кетіп, "Пари Сен-Жерменге" еркін агент ретінде ауысты. Бір маусымнан кейін, 2019 жылы, Буффон Туринге қайта оралды.

Жалпы, қақпашы бүкіл мансабында 917 матч өткізген, ол 766 гол жіберіп, 410 кездесуде қақпасын құрғақ ұстаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×