Сенсацияны басқа жағдайдан іздеңдер - Гвардиола Агуэроның төреші қызға тиіскендігі туралы

18.10.2020, 18:46
Бұл матчта «Сити» 1:0 есебімен жеңіске жетті
Сенсацияны басқа жағдайдан іздеңдер - Гвардиола Агуэроның төреші қызға тиіскендігі туралы

«Манчестер Ситидің» бас бапкері Хосеп Гвардиола Англия чемпионатының 5-туры аясында «Арсеналмен» өткен матчта (1:0) төреші қызға қатысты сынға түскен командасының шабуылшысы Серхио Агуэро туралы өз пікірін білдірді.

Агуэро ойын барысында үзіліске аз уақыт қалғанда «Арсеналдың» пайдасына шешім шығарған төрешінің шешіміне қарсы болып, дау-дамайдың ортасында қалды. Шабуылшы аут добын "Сити" лақтыруы керек деп ойлады.


Агуэро алдымен төрешіге не болғанын түсіндіріп, содан кейін оның иығына қолын қойды. Қыз бірден Агуэроның қолын кері қайтарды. Бұл оқиға әртүрлі реакцияларды тудырды, көпшілігі ойыншы төрешіге орынсыз тиісті деп ойлады.

«Қане, жігіттер. Серхио - менің өмірімде кездестірген ең әдемі адам. Сенсацияны бұл жағдайдан емес, басқа жағдайлардан іздеңіз», - деді Гвардиола.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×