«Челсидің» ойыншысы Мәскеулік «Спартак» клубына ауысты

16.10.2020, 06:02
Мозеске «Челси» түгіл «Интерден» де орын табылмады.
«Челсидің» ойыншысы Мәскеулік «Спартак» клубына ауысты

"Челсидің" жартылай қорғаушысы Виктор Мозес "Спартак" клубының ойыншысы атанды.

"Виктор бізге "Челсиден" 2020/2021 маусымының соңына дейін сатып алу құқығымен жалға ауысып келді. Командаға қош келдің және клубта өзіңді жақсы жағынан көрсетуіңе тілектеспіз!" - делінген "Спартак" клубының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Өткен маусымда Мозес "Интер" сапында жалдау шарты бойынша ойнады. 29 жастағы жартылай қорғаушы италиялық клуб үшін 17 кездесу өткізген. Футболшы "Кристал Пэлас", "Ливерпуль", "Вест Хэм Юнайтед", "Фенербахче" және басқа клубтарда ойнаған. 2012 жылдан 2018 жылға дейін Нигерия құрамасына шақыртылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×