Зайнутдинов ЦСКА-ның қыркүйек айындағы үздік ойыншысы атанды

16.10.2020, 03:33
ЦСКА сапында үш матч өткізген еді.
Зайнутдинов ЦСКА-ның қыркүйек айындағы үздік ойыншысы атанды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов ЦСКА-ның қыркүйек айындағы үздік ойыншысы атанды.

Жанкүйерлер арасындағы дауыс беру ЦСКА клубының ресми сайтында жүргізілді. Оған барлығы 12 544 адам қатысты. Зайнутдинов сауалнамада 37 пайыз дауыс жинап, бірінші орынға ие болды. Екінші орынды Никола Влашич (23 пайыз), үшіншісі орынды Игорь Акинфеев (18 пайыз) иеленді.

Еске сала кетейік, қыркүйекте қазақстандық футболшы ЦСКА сапында 3 матч өткізді. Ол Мәскеулік клубқа 25 тамызда "Ростовтан" ауысып келген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×