"Челсидің" жүрегі

07.05.2013, 16:50
"Челсидің" жүрегі
ЛекеФрэнк Лэмпард… Ағылшын футболы мен әлем футболына танымал есім. «Вест Хэм» клубының негізгі құрамынан орын алып, Англия футболының алғашқы баспалдақтарын басар сәтте оны көпшілік бірден тани  қоймады. Ол кездері Стивен Джерард, Рио Фердинанд, Майкл Оэуен сияқты футболшылардың жұлдызы жарқырады… 2001 жылы «Вест Хэм»  сапындағы беймәлім бозбаланы  атақты лондондық клуб «Челси» сатып алды. Оның қабілеті мен шеберлігіне көз тіккен «Челси» басшылығы Фрэнктен үлкен үміт күтті. 2003 жылы белгілі ресейлік олигарх Роман Абромович «Челсиді» сатып алды. Аз ғана уақыт ішінде ақсүйектер Англиядағы үздік ұжымдар қатарына енді. Ал, «Челси» сапында қадамын енді басқан Лэмпард ұжымның мықты ойыншларының қатартына кірді. Еңбексүйгіштігі мен табандылығынын арқасында талайды тамасандырыр футбол көрсетіп,керемет деңгейге көтерілді. Дәл қазір Фрэнк Лэмпардттың футбошылық карерасындағы маңызды даталарды саралап өтсек… 11 маусым 2001 жыл- Дәл осы күні Фрэнк Лэмпард өзінің туған клубы «Вест Хэмнен» қазір ойнап жүрген «Челсиге» ауысты. 2 қыркүйек 2001 жыл-  Дәл осы күні ол «Челси» сапындағы алғашқы ресми матчын өткізді. 2004-2005 жылғы маусым- Фрэнк дәл осы маусымда АПЛ-дің барлық жартылай қорғаушылары арасындағы көп гол соққан жартылай қорғаушы атағына қол жеткізді. Дәл осы маусымда ол 12 голдың авторы атанды. 30 сәуір 2005 жыл- «Челси» арада 50 жыл салып Англия чемпионы атанды. Лэмпрд Премьер-лиганың соңғы және жауапты матчында «Болтонға» қос доп соғып,дубль орындады. 16 ақпан 2008 жыл- Дәл осы күні Фрэнк «Челси» клубы сапында жүзінші голына көрімдік сұрады. 12 наурыз 2008 жыл- Дәл осы күні ол Англия Премьер лигасындағы алғашқы покерін жасады.  «Дерби Куанти» клубына қарсы ойында қарсылас қақпасына қатарынан 4 допты тоғытты. 24 сәуір 2008 жыл- Оның өміріндегі ең сәтсіз күн. Дәл осы күні оның анасы Пэт Лэмпрд аыр науқастан қайыс болды… 30 сәуір 2008 жыл- Анасының қазасына қаймықпай, қайсарлық танытқан ол дәл осы күні Чемпиондар лигасының жартылай финалында «Ливерпульге» керемет гол соғып «Челсиді» финалға шығарды. 21 мамыр 2008 жыл- Чемпиондар лигасының финалы….Фрэнк Лэмпард «Манчестр Юнайтед» қақпаснына гол соқты және осы маусымдағы чемпиондар лигасындағы үздік жартылай қорғаушы атағына қол жеткізді. 13 тамыз 2009 жыл- Дәл осы күні ол «Челсимен» 5 жылға келісім-шартқа отырды. 39 млн фунқа келісімге келген ол Премьер лигадағы жалақысы жоғары ойыншылар тізімінде көш бастады. 17 қаңтар 2009 жыл- «Сток Ситиге» қарсы ойында ол «Челси» сапындағы 400-інші кездесуін өткізді. 24 желтоқсан 2009 жыл –Фрэнк Лэмпард Англия футболындағы соңғы онжылдықтың (2000-2010 жылдары) үздік футболшысы атанды. 19 мамыр 2012 жыл- Чемпиондар лигасының финалы… «Челсиді» чемпиондар лигасының финалында капитан ретінде Фрэнк Лэмпард бастап шықты және капитан ретінде Мишел Платиниден Кубокті алып басынан асырды. 17 наурыз 2013 жыл- Лэмпард «Челси» сапында 200-інші голын соқты. Дәл осы матчтан кейін журналистерге берген сұхтында: -«Челсиге» алғаш келген сәтте дәл осындай деңгейге көтерілемін деп ешуақытта ойлаған жоқпын. «Челси» сапында 200 матч өткізген сәтте қалай қуанғаным әлі есімде,ал 200 гол соққан кезде қуанышым қойныма сыймады. «Челси»-бұл менің өмірім. Бұл клуб менің мәңгі жүрегімде… Нұрлыбек ЖАНҰЗАҚОВ Аламан сайтынан алынды
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×