Майкл Оуэн: Алекс Фергюсонсыз «Манчестер Юнайтедтің» атауының өзі бір түрлі естіледі.

08.05.2013, 22:40
Майкл Оуэн: Алекс Фергюсонсыз «Манчестер Юнайтедтің» атауының өзі бір түрлі естіледі.
 

Жақында ғана қызыл сойқандардың бас бапкері сэр Алекстің өз орнынан кететінін естіген Юнайтедтің экс-шабуылшысы өз пікірін білдірген еді.

«Манчестер Юнайтед» деген атаудың өзі сэр Алекссіз бір түрлі естіледі. Ол өте керемет адам. Оның өз еркімен кеткені де қандай тамаша! Мен Алекс бапкердің қол астында ойнағаным үшін өзімді бақытты сезінемін» деп өзінің Твиттеріне жазыпты.

Манчестер қаласының негізгі «Юнайтед» командасында 26 жыл бапкер болған сэр Алекс Фергюсон Англия премьер-лигасында 13 рет жеңіске жеткен. Бапкерлік жұмысынан өз еркімен кеткелі жатқан аты аңызға айналған Алекс мырза клубтан алыстамайтын көрінеді. Яғни «Манчестер Юнайтед» командасының басшыларының бірі болмақ.

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
"Челсидің" жүрегі
Келесі жаңалық
Бапкер
Серіктес жаңалықтары
×