Чемпиондар лигасы. Мадридтік дерби тең аяқталды

15.04.2015, 11:20
Чемпиондар лигасы. Мадридтік дерби тең аяқталды
Футболдан Чемпиондар лигасының ширек финалындағы бірінші ойындар мәресіне жетті. Мадридтік дербиде есе ашылмаса, «Ювентус» өз алаңында «Монакодан» басым түсті. Мадридтік «Атлетико» мен «Реал» арасындағы ойын тартысқа толы болды. Карло Анчелотти шәкірттері бұл ойынға үлкен дайындықпен келгенін байқатты. Бірақ, алаң иелері қақпасының кілтін таба алмады. «Атлетико» да қарымта шабуылда көп күш салғанымен, нәтиже шығара алмады. 0:0 есебімен аяқталған кездесудегі жартылай финал жолдамасы бір аптадан кейін «Сантьяго Бернабеуде» шешілетін болады. Туриндік «Ювентус» өз алаңында «Монакодан» 1:0 есебімен басым түсті. Италиялық ұжымға жеңіс сыйлаған голды Артур Видаль пенальтиден соқты.  Ал қонақтар таразы басын теңестіруге тырысып баққанмен, Джанлуиджи Буффон қорғаған қақпаға гол соға алмады. Айта кетейік, бүгін түнде ширек финалдың екінші күніндегі ойындaр өтеді. Каталондық «Барселона» париждік «ПСЖ»-да қонақта болса, «Порту» өз алаңында «Бавариямен» шеберлік байқасып көретін болады.   Massaget.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×