"Боруссия Дортмунд" клубының шабуылшысы Эрлинг Холанд УЕФА Чемпиондар Лигасының осы аптадағы үздік ойыншысы атанды. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады. Шабуылшы "Севильямен" болған матчта дубль жасады (2:2, жалпы есеп 5:4).
Сондай-ақ "Ювентус" қақпасына қос бірдей гол соққан "Портудың" жартылай қорғаушысы Сержиу Оливейра, "Ливерпульдің" артқы жартылай қорғаушысы Фабиньо және "Пари Сен-Жермен" қақпашысы Кейлор Навас та бұл номинацияға үміткер болған еді.
"Тоттенхэм" клубының шабуылшысы Харри Кейн Еуропа Лигасының осы аптадағы үздік ойыншысы атанды. 27 жастағы англиялық шабуылшы Еуропа Лигасының 1/8 финалының бірінші матчында Загребтің "Динамосына" (2:0) дубль жасады.
Ол дауыс беру барысында Душан Тадич ("Аякс"), Лоренцо Пеллегрини ("Рома") және Роберто Сольдадодан ("Гранада") басым түсті.
Біздің серіктес: FONBET