«Қайрат» үш минутта үш ұпайға қол жеткізді

13.03.2021, 21:47
«Қайрат» он футболшымен ойнаса да жеңіске жетті.
«Қайрат» үш минутта үш ұпайға қол жеткізді

Алматылық "Қайрат" Қазақстан Премьер-лигасының алғашқы турында талдықорғандық "Жетісумен" кездесті. Алматыдағы Орталық стадионда өткен матч 2:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

Ойынның бірінші таймында гол көре алмадық. Ал 49-минутта алматылық клубтың қорғаушы Денис Поляков алаңнан қуылды. Он футболшымен қалғанына қарамастан "Қайрат" 69-минутта Небойша Косовичтің голынан кейін есеп ашты. Ал араға үш минут салып Гүлжігіт Алықұлов матчтың нүктесін қойды.

Алғашқы жеңісіне қол жеткізген Алексей Шпилевский шәкірттері үш ұпаймен алғашқы орынға көтерілді. Ал "Жетісу" соңғы орынға сырғыды. Одан бөлек, талдықорғандық клубтан үш ұпай шегерілген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×