Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасының осы аптадағы үздік ойыншысы анықталды

Қос футболшы да өткен матчта дубль жасады.

Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасының осы аптадағы үздік ойыншысы анықталды

"Боруссия Дортмунд" клубының шабуылшысы Эрлинг Холанд УЕФА Чемпиондар Лигасының осы аптадағы үздік ойыншысы атанды. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады. Шабуылшы "Севильямен" болған матчта дубль жасады (2:2, жалпы есеп 5:4).

Сондай-ақ "Ювентус" қақпасына қос бірдей гол соққан "Портудың" жартылай қорғаушысы Сержиу Оливейра, "Ливерпульдің" артқы жартылай қорғаушысы Фабиньо және "Пари Сен-Жермен" қақпашысы Кейлор Навас та бұл номинацияға үміткер болған еді.

"Тоттенхэм" клубының шабуылшысы Харри Кейн Еуропа Лигасының осы аптадағы үздік ойыншысы атанды. 27 жастағы англиялық шабуылшы Еуропа Лигасының 1/8 финалының бірінші матчында Загребтің "Динамосына" (2:0) дубль жасады.

Ол дауыс беру барысында Душан Тадич ("Аякс"), Лоренцо Пеллегрини ("Рома") және Роберто Сольдадодан ("Гранада") басым түсті.

0 пікір