Үш ұпайы шегерілген «Шахтер» маусымды жеңіспен бастады

13.03.2021, 22:57
Ойынның тағдырын бір ғана гол шешіп кетті.
Үш ұпайы шегерілген «Шахтер» маусымды жеңіспен бастады

"Атырау" футболдан Қазақстан чемпионатының алғашқы турында "Шахтерді" қабылдады. Атыраудағы "Мұнайшы" стадионында өткен кездесуде 0:1 есебімен қарағандылық клуб жеңіске жетті.

Матчтағы жалғыз әрі жеңісті голды 14-минутта Виталий Балашов соқты. Қақпа алдындағы қарбаласты сәтті пайдаланған украиналық шабуылшы командасына жеңіс сыйлады.

Айта кетейік, бұған дейін ҚФФ "Шахтер" клубынан үш ұпай шегерген болатын. Бүгінгі ойыннан кейін екі команданың да ұпайы теңесті (0 ұпай).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×