Чемпиондар Лигасы. Үздіктер плей-оффтық кезеңді бетке алды

14.02.2012, 04:49
Чемпиондар Лигасы. Үздіктер плей-оффтық кезеңді бетке алды
[caption id="attachment_10258" align="alignleft" width="170" caption="Чемпиондар Лигасы. Үздіктер плей-оффтық кезеңді бетке алды"]Чемпиондар Лигасы[/caption]

Ертең Еуропа чемпиондар лигасының ширек финалының  алғашқы ойындары  басталады. Биылғы жыл қызыққа толы болатынына ешкімнің де күмәні жоқ. Бірнеше жетекші командалар чемпиондықтан дәмелі. Тартысқа толы болатындығы күтіліп жатқан  ойындарда кімнің мүмкіндігі қандай, алдағы ойындардан не күтеміз осы сауалдарға жауап іздеп көрейік.

Байер-Барселона

Бұл ойын кешін Леверкузеннің Байер және әлемнің нөмірі бірінші командасы Каталониялық Барселона командалары арасындағы матч ашып береді. Бұл жұптың фавориті айқын. Былтырғы чемпиондар биылда топ жарсақ деген үмітте. Оның үстіне  Барсаға ел біріншілігінің алтыны бұл маусымда бұйырмайтын секілді. Мадридтің Реалы олардан бақандай он ұпай алда келеді. Небәрі 23тур ойналды десек те, Корольдік клубты қуып жетеді дегенге сену қиын. Каталониялықтардың ендігі бар үміті осы турнирде. Ертеңгі ойынға бар мықтысы дайын отыр.  Жалпы ел біріншілігінің соңғы кездесулерін сүреңсіз өткізуде. Осасунадан жеңіліс тапты. Сол жеңілістің ақысын алуға

[caption id="attachment_10264" align="alignright" width="336" caption="Эрен Дердийок Барсаға қарсы алаңға шықпайды"][/caption]

тырысады Каталониялықтар. Барселона сапында ертеңгі ойынға жетекші ойыншылардың бәрі де дайын отыр. Жерард Пике жол аптына ұшырапты деген сыбыс тарап үлгерсе де, ойыншының денсаулығына еш қатер жоқ. Оны да алаңнан көретін шығармыз. Ал Барсаның қарсыластары жайлы олай дей алмаймыз. Леверкузен командасының екі бірдей жетекші ойыншысы бұл кездесулерде клубқа жәрдем бере алмайды. Байердің осы маусымдағы үздік сұрмергені Эрен Дердийок жоқ жерден жарақат алып, 2-3апта бойы жаттығуларға қатыса алмайды. Одан алдын жартылай қорғаушы Сидни Сэм бірнеше айға қатардан шығып қалған еді. Топтық кезеңде Байер футболшылары Испанияның Валенсиясын артқа қалдырып, келесі кезеңге жолдама алған ды. Бірінші ойынды өз алаңында өткізетін Аспириншілер ел біріншілігінде алтыншы орында келеді. Соңғы үш ойындарын олар Дортмундтың Боруссиясы, Штутгарт, Вердер сияқты командалармен өткізді. Мұның өзі олардың ойын формаларына жақсы септігін тигізері анық. Байерге де биыл бундеслига жүлдесі бұйыруы екіталай. Чемпиондар лигасындағы осыдан тура он жыл алдыңғы жетістіктерін қайталасақ деген үмітте. Естеріңізде болса ақтық сында Реалға жол берген еді. Ол үшін алдымен азулы Барселонадан айласын асыра білу керек немістерге. Екі командаға да аянатын ештеңе жоқ. Барын салатындары анық.

Лион-АПОЭЛ

[caption id="attachment_10265" align="alignleft" width="307" caption="ЛИОН-АПОЭЛ"]ЛИОН-АПОЭЛ[/caption]

Байер-Барселона кездесуімен қатар Лиондағы «Стад де Жерлан» стадионында тағы бір кездесу болып өтеді. Лион командасы Кипр чемпиондары АПОЭЛді қабылдайды. Бұл екі команда да топтық кезеңнен шығу үшін барынша жанталасты. АПОЭЛ биылғы турнирдегі ең үлкен сенсацияның бірі. Кипр футболы тарихында алғаш рет топтан шығып отыр бұл команда. Лион футболшылары да ең соңғы турда ғана жолдамаға ие болды. Хорваттардың Динамосына 7жеті доп

[caption id="attachment_10268" align="alignright" width="317" caption="Иоан Гуркюфф - француздардың басты көзірі"][/caption]

соқты француздар соңғы турда. Соның нәтижесінде Аякстан асып түскен еді. Бұл кездесу тең командалардың ойыны деп бағалануда. Лионның тәжірибесі мол. 2004жылдан бері чемпиондар лигасында үнемі ойнауда. Және де топтықкезеңнен шықпай қалған кезі болмапты. Ең жоғары нәтижесі 2жыл алдын жартылай финалға дейін жеткен. Ал АПОЭЛ мұндай сында алғаш рет бақ сынап отыр. Командалардың қазіргі жағдайына көз тастар болсақ, Лион ел біріншілігінде 4орында келеді. ПСЖ одан 11ұпай алда. Яғни жағдайы мәз емес. Кипрдың ең атақты командасы саналатын АПОЭЛ биылда жақсы ойнап жатыр. Олардың топтық кезеңдегі нәтижесі де керемет болды. Порту, Шахтер, Зенитті артқа тастап бірінші орынмен топтан шықты. Аутсайдер деп бағаланған команда барлығын да қапы қалдырды. Ендігі ойынға да Кипрліктер тас түйін боп дайын отыр. Бұл команда өздерінің ғажайып ертегілерін ары қарай жалғастыра беруге мүдделі. Француздарға келер болсақ, жетекші ойыншылардың барлығы дерлік бұл кездесулерде алаңға шығады деп күтілуде. Гуркюфф бастаған жігіттер бұл ойындарда қарап қалмасы анық. Ең жасырын команда саналатын АПОЭЛ мен Лион арасындағы ойын тең командалардың ойыны десек те букмекерлік кеңселер француздарға басымдық берген екен.

Жәнібек ӘБІШ

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×