Чемпиондар Лигасы. Жартылай финал алдындағы ой

06.05.2015, 01:54
Чемпиондар Лигасы. Жартылай финал алдындағы ой
Екі апта бұрыңғы жеребе жартылай финалда испан-итальян, испан-герман жұбын сыйлады. Өкпе жоқ. Екі текетірес те тартысты боларына күмән де жоқ. Алғашқы кездесулер мамырдың 5-і мен 6-сына жоспарланған. Сейсенбіде Италия чемпионы "Ювентус" пен Чемпиондар Лигасының жеңімпазы "Реал Мадрид" күш сынасса, сәрсенбіде, сонау 3-4 жыл бұрынғы бейнесін қайталайтын "Барселона" мен тізгінінде қарсыласын бүге-шүгесіне дейін білетін "Бавария кездеседі". Осыған орай, "Аладоп" сайты супер-матчтарға ойын алдындағы қысқаша сараптамалық-шолуын ұсынады. Чемпиондар Лигасы. Жартылай финал. Бірінші матч 5-ші мамыр. 2015. 00:45 Италия. "Ювентус" стадионы "Ювентус" (Италия)-"Реал" (Испания) Туриндік команда соңғы рет Чемпиондар Лигасында 12 жыл бұрын осылай ұзақ шапқан болатын. 2002/2003 маусымда "Ювентус" дәл осы кезеңде "Реалдан" басым түскен еді. Сапында Дель Пьеро, Трезеге, Недведтер бар "кәрі сеньора". Ал, финалда матч соңындағы пенальтиден "Миланға" тізе бүккен. Иә, кейін араға бір жыл салып үздік клубтық турнирдің финалына шығып тұрған "Миланға". Карло Анчелотти баптайтын. Бүгінгі жағдай басқа. Шындығына келгенде, осы төрттіктің ішінен ең осал команда-"Ювентус". Дәлел көп. Жоғарыда айтылғандай, 12 жыл бойы жартылай финал көрмеуі. Сапындағы футболшылардың қарсыластармен салыстырғанда осалдығы. "Бавария" мен испандықтардың соңғы жылдары тұрақты түрде осы кезеңге жетіп тұруы. Осы маусымда бүгінге дейін мықты деген "Атлетикомен" ғана жолығыпты Аллегри шәкірттері. Топтық кезеңде екі ойын өткізіп, бар болғаны бір ұпай ғана алыпты. Жақсы көрсеткіш емес. Онымен қоса, ел мақтаған қорғанысының нағыз сыналар сәті осы. Иә, "Ювентус" топ-чемпиондардағы командалардың ішінде ең аз гол жібергенімен, осыған дейін не Италияда, не еурокубокте, шабуылында Роналду, Бэйл секілді хас шеберлері бар командаға жолығып көрген жоқ. Италяндықтардың тағы бір осал тұсы-Погбаның жарақаты. Бұл ойыншыға Англия, Испания алпауыттарының құда түсіп отыруы бекер емес. Әрине, "Монакомен" болған ойындарда француздың орның Перейра жоқтатпаған еді. Бірақ, "корольдік клуб" "Монако" емес, жұлдызды футболшының жоқтығын ұтымды пайдалануға тырысады. Getty Images Мадридтен Модрич пен Бензема алаңға шықпайды. Бірақ, орталық қорғаныста Рамос-Кроос жұбы да жаман емес. Ал, шабуыл өтінде Роналду-Эрнандес-Бэйл үштігі ойнауы тиіс. Орталық алаңда Кроос пен Иско шығу да мүмкін. Себебі, алғашқы ойында қауіптенудің қажеті жоқ. Өткен кезеңдегі "матрасниктерге" қарсы қарымта кездесуде сақтық мақсатта Рамос ойнаған еді. Ал, бүгін алаңсыз шабуылдауға негіз бар. "Реал Мадридке" жеребе жолдас болып, сөзсіз фаворит саналғанымен команда өз-өзінен қауіптену керек. Босаңсу деген испандықтарға осы масымда талай мәрте жолдас болды. 1/8 финалдағы жағдайы есімізде. "Шальке" тағы бір гол салғанда, бұл кезеңде мадридтік ұжымды көрмейтін едік. Сондықтан, Мадрид өз-өзіңе жеңілмесе, "Ювентусты" финалға шығаруы екіталай. Чемпиондар Лигасы. Жартылай финал. Бірінші матч 6-ші мамыр. 2015. 00:45 Испания. "Камп Ноу" стадионы "Барселона" (Испания)-"Бавария" (Германия) Мүмкін емес, бірақ шындық. 11 жыл ойнап, 6 жыл капитан болған, 4 жыл өзі тізгіндеп, қарсылас шақ келтірмей, әлемдегі турнир атаулының бәрінде озып шығарған "Барселонасына" қарсы, Гвардиоланың "Баварияны" бастап шығаруы, жартылай финалдың көркін қыздырар сәт болары анық. Тағы бір қызық жайт. Пеп "Барсадан" футболшы ретінде кетерінде, капитандық қызметті Луис Энрикеге тапсырыпты. Өзі бірінші командаға шақыртылып, Иньеста, Месси, Хавилерді баптауға аттанған соң, "Барселонаның" жастар командасын Энрикеге аманат етіпті. Енді міне, Германияға кеткен соң, екі-үш жылдан кейін "Барселонаны" Луис Энрике өз қолына алды. Ал, Пеп секілді алғашқы маусымда-ақ бірден 6 трофейді де жеңе ала ма, оны уақыт көрсетеді. Негізі, оған мүмкіндік бар. Ешбір турнирден Энрикенің "Барселонасы" сырт қалмады. Маусым басында сынға ұшырағанмен, Энрикенің жетістігі тамаша. Тіпті, Гвардиоланың алғашқы маусымындағы жетістігінен асып түсті. Егер де, Пеп 56 ойынның ішінде 40 мәрте жеңсе, Луис 48 рет 3 ұпай алыпты. МСН(Месси-Суарес-Неймар) үштігі кезіндегі Анри-Это-Месси үштігінен асып түсті. Бүгіннің өзіңде 103 гол. Ал, маусым әлі аяқталған жоқ. Ең маңыздысы-Энрикенің өз жолы бар. Гвардиоланың жолын қайталауға тырыспайды. Иә, допқа иелік ету көрсеткіші әдеттегідей жоғары. Ол өткен ғасырдың аяғынан бастап "блаугрананың" қанына сінген нәрсе. Гвардиола ойлап тапқан жоқ, Кройфтың методикасы. Энрике командасының айырмашылығы, жылдам шабуылдауға, алыстан соққыны көбірек бағыттауға тырысады. Энрике, бірден Гвариола кетісімен идеал "Барселонаны" қабылдап алған жоқ. Арада екі-үш жыл өтіп, "блаугрананың" бір өліп тірілгенін ескерген жөн. Сондықтан, бүгінгі "Барселонаға", Энрике жасақтаған команда деп қараған дұрыс болар. Католондықтарға-"Чемпиондар Лигасына басты үміткер"- деп, белді мамандар тарапынан баға берілгенмен, бұл текетіресте "Бавария" фаворит. Гвардиола! Испандық бапкер "Барселона" жайлы бар құпияны командасына жайып беретіні анық. Мессиді қалай тоқтату керектігін, қай тұспен шабуылдауға болатындығын, қорғанысына қысымды арттырсаң ізбе-із қателесетіндігін. Арада 3 жыл өтсе де Пеп "блаугрананы" бес саусағындай біледі. Күмән жоқ. Сондықтан сақтан "Барселона"! Іштен шыққан жау жаман. Екі матчты да сейсенбі-сәрсенбі күндері "КТК" телеарнасынан сағат 00:45-те тікелей эфирде тамашалай аласыздар.     Фараби ӘБДІХАЛЫҚ    
     
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.21
Астон Вилла
Манчестер Сити
17.30
П1
3.195
Ничья
3.665
П2
2.271
Чемпионат Испании. Примера
12.21
Хетафе
Мальорка
18.00
П1
2.431
Ничья
2.905
П2
3.85
Чемпионат Италии. Серия А
12.21
Торино
Болонья
19.00
П1
3.675
Ничья
3.055
П2
2.403
Чемпионат Германии. Бундеслига
12.21
Хольштайн
Аугсбург
19.30
П1
3.415
Ничья
3.415
П2
2.326
Чемпионат Германии. Бундеслига
12.21
Хоффенхайм
Боруссия Менхенгладбах
19.30
П1
2.461
Ничья
3.685
П2
2.961
Чемпионат Германии. Бундеслига
12.21
Айнтрахт Франкфурт
Майнц 05
19.30
П1
2.039
Ничья
3.87
П2
3.745
Чемпионат Германии. Бундеслига
12.21
Штутгарт
Санкт-Паули
19.30
П1
1.556
Ничья
4.685
П2
6.28
Чемпионат Германии. Бундеслига
12.21
Вердер
Унион Берлин
19.30
П1
2.254
Ничья
3.475
П2
3.52
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.21
Ипсвич Таун
Ньюкасл Юнайтед
20.00
П1
5.25
Ничья
4.28
П2
1.662
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.21
Вест Хэм Юнайтед
Брайтон энд Хав Альбион
20.00
П1
2.886
Ничья
3.79
П2
2.407
×